Құрылтай сайлауына байланысты шетелдегі дауыс беру учаскелері жұмысын бастады. Сингапурда №449, Индонезияда №464, Вьетнамда №476, Малайзияда №423 сайлау учаскелері ашылды. Қытайда дауыс беру Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Шанхай, Сиань және Гонконгтағы бас консулдықтарда өтіп жатыр. Бұл елдегі учаскелер Астана уақытымен сағат 04:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Токиода дауыс берген Цукуба университетінің студенті Әлішер сайлауға ұлттық би элементтері бар бейнемен келіп, қазақтың тарихи дәстүрі мен қазіргі жастардың ұмтылысын ұштастырды. Ол құрылтайдың тарихи тұрғыда ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданған Ұлттық жиналыс болғанын атап өтті.
Дереккөз — Kazinform.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!