Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылтай сайлауы: Қызылордада 132 сайлаушы есептен шығару куәлігін алды

19.08.2026, 10:55 28

23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауында дауыс беру күні өзінің тіркелген жеріндегі сайлау учаскесінде бола алмайтын азаматтарға басқа учаскеде дауыс беруге мүмкіндік қарастырылған

Ол үшін сайлаушы өзінің тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жеке басын куәландыратын құжатымен барып, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алады.

Есептен шығару куәлігі берілген кезде сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады. Куәлікті алған азамат дауыс беру күні учаскеге барып, жеке басын куәландыратын құжаты мен есептен шығару куәлігін ұсынады. Осы құжаттардың негізінде сайлаушы тиісті учаскедегі сайлаушылар тізіміне енгізіліп, оған сайлау бюллетені беріледі.

Бүгінгі күні Қызылорда облысында 132 сайлаушыға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу туралы өтініш қалдырды. Тиісті учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушыға куәлік берді.

Есептен шығару куәлігін алудың соңғы уақыты 22 тамыз, сағат 18.00.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: