Синоптиктер елдің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. Бүгін күшті жел, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
Мамандардың болжамынша, Түркістан, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында желдің екпіні кей жерлерде секундына 30 метрге дейін, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін. Ал Шымкент, Түркістан және Алматы қалаларында найзағай ойнап, дауылды жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын түседі деп күтілуде.
Сондай-ақ Алакөл ауданында да желдің күшеюі болжанып отыр. Кей жерлерде оның екпіні қауіпті деңгейге жетуі мүмкін.
Елдің бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Атап айтқанда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көріну қашықтығы төмендеуі ықтимал.
Ал Қызылорда облысында шаңды дауыл мен екпінді жел болуы мүмкін. Сонымен қатар Түркістан және Алматы облыстарының батысы мен солтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.
Тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын күшейту ұсынылады.
Фото: Ашық дереккөзден алынды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!