Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанға коронавирус келді

13.03.2020, 13:46 2488

Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Үш айдан бері біраз шаруа атқарылды. Бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше тексерістен кейін екі Қазақстан азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Олар Германиядан келген. Бас санитарлық қаулымен бұл екі пациент карантиндік стационарға жатқызылды», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде пациенттердің жағдайы жақсы, барлық қажетті процедуралар атқарылып жатыр. 

«Медициналық дәрігерлер дайын, не істеу керектігін білді. Олар Германиядан келген. Біз көп қиындықтан өткенбіз. Осы қиындықтан да өтеміз», – деді Біртанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: