HALYQLINE.KZ Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал сомасы 92 миллиард теңгеден асты, – деп хабарлайды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
«9 қаңтардағы сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, шығынның жалпы сомасы шамамен 92,3 миллиард теңгеге жетті (Алматының өзінде 90,7 миллиард теңге)», – делінген ҰКП хабарламасында.
Сall-орталыққа 2320 қоңырау түскен, олдардың ішінде: 1127 тонау, 26 форс-мажор, 2 блокбекеттер бойынша, 1052 – жеке тұлғалардан.
10 өңірде 1181 бизнес субъектісі зардап шекті, олардың 935-і Алматыда. Субъектілердің зардап шеккен салалары: 1122 сауда нысаны, 17 тамақтану орны, 31 финсектор, 8 логистика.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!