Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар енгізіледі

07.10.2026, 11:25 80

HALYQLINE.KZ

Құрылтай депутаттары мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған жаңа мемлекеттік наградаларды енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құрылтайдың Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, заң жобасы мемлекет басшысының Құрылтайдың бірінші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік наградалар туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі берген тапсырмасын орындау үшін әзірленген.

Құжатта отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытудағы жемісті қызметі және ерекше еңбегі үшін азаматтарды марапаттауға арналған «Шәмші Қалдаяқов» медалін енгізу ұсынылады.

Сонымен қатар бейнелеу өнеріндегі үздік туындыларымен ерекшеленген және отандық көркем мәдениетті дамытуға ерекше еңбек сіңірген қайраткерлер үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу ұсынылады.

Дереккөз: nur.kz

Көрнекі фото: ortcom.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: