Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақстан халқына» қоры грант пен шәкіртақы тағайындау бойынша байқау өткізеді

22.07.2022, 17:03 733

 HALYQLINE.KZ «Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды. Байқауға мектеп бітіруші түлектер мен ақылы негізде білім алатын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері қатысады.

Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.

Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.

Маңызды: үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы ЖЖОКБҰ-дан алдын ала нақтылауы қажет.

Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан табуға болады.

Қор ЖЖОКБҰ-на қабылдауға қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен ақпарат бермейді. Осы сұрақтар бойынша ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына хабарласуы тиіс.

Сондай-ақ Қор ЖЖОКБҰ-ң ақылы бөлімдерде оқитын студенттеріне Қордың қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан грант пен шәкіртақы алу үшін студенттер 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында «Taiburyl» ҚБ-ң https://www.taiburyl.kz/ сайтына онлайн-өтінім береді.

КАЗГЮУ студенттері «Эндаумент КАЗГЮУ» корпоративтік қорының сайтында өтінім береді: https://endowment.kazguu.kz/ru/

«Taiburyl» ҚБ мен «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ студенттерден (ЖЖОКБҰ ақылы бөлімінде оқитындар және Қор қаражаты есебінен оқуын жалғастырғысы келетіндер) өтінімдерді қабылдау және оларды өңдеу үшін өтеусіз техникалық алаңдарын ұсынады, яғни «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыруда «Қазақстан халқына» қорына көмек көрсетіп, жобаның техникалық әріптестері болып табылады.

Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты «өтеуге» міндетті емес.

Айта кету керек, конкурс туралы толық ақпаратты Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті сайтының https://korkyt.edu.kz/article/141 хабарландыру бөлімінен де біле аласыз.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

 медиа орталығы

Пікірлер:

Gazhaiyp үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: