Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: Тәттіқұмар облыс тұрғындары анықталды

15.09.2021, 16:05 277

Energyprom.kz мәліметінше, биыл тәтті өнімдерді тұтыну 2%-ға өскен.

2021 жылдың екінші тоқсанында елімізде қант, джем, бал, шоколад пен кондитерлік өнімдерді тұтыну 2,4%-ға, жан басына шаққанда орташа алғанда 11 келіге дейін артқан.

Қызығы сол, жалғыз тұратын қазақстандықтар тәттіні көп тұтынады екен. Олар тәттіні үш адамнан тұратын отбасыға қарағанда бір жарым есе, ал бес адамнан тұратын отбасыға қарағанда екі есе көп жейді. Сондықтан тәттіқұмарларға жалғыз тұру тиімді сияқты.

Қарағанды облысының тұрғындары кондитерлік өнімдер мен қантты ең көп тұтынады екен: 13,1 кг.

Тәттіқұмарлар қатарына Қызылорда облысының тұрғындары (12,9 кг тәтті) мен Ақмола облысының тұрғындары да (12,9 кг тәтті) кірді.

Тәттіні тұтыну мөлшері Қостанай облысында да біршама артқан. Бір жылда бірден 16,6%-ға, 11,7 кг дейін ұлғайған. 

Тәттіні ең аз жейтін – Шымкент тұрғындары. Олар бір тоқсанда жан басына шаққанда орташа алғанда 7,2 кг өнім тұтынады, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,4%-ға аз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: