Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда құрылыс қарқынды

10.12.2021, 10:45 263

HALYQLINE.KZ  Қазалы ауданындағы іргелі ауылдардың бірі Бекарыстан би елді мекенінде жеке кәсіпкер Болат Сансызбаев 100 орындық балабақша салып жатыр.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Майдакөл ауылдық округіне барып, балабақша құрылысымен танысты.

Қазіргі таңда балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Бүгінде құрылысшылар ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, ауласын абаттандыруға кіріскен. Балабақшаға қажетті жатын орындар мен ыдыс-аяқтар толық алынған.

Ақтөбе қаласында тұратын жерлесіміз «Туған жерге тағзым» акциясы аясында салынып жатқан балабақшаны ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Ақжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекеніне барып, медициналық бекеттің құрылысымен танысты.

Қазіргі таңда мердігер мекеме «Ахат+ГС» ЖШС нысан бойынша атқарылатын жұмыстардың 80 пайыздан астамын орындап, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс басында 10 адам тынымсыз еңбек етуде.

Мердігер мекеменің жауапты қызметкері мән-жайды баяндаған соң аудан басшысы ең бірінші кезекте құрылыстың сапасына мән беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау үшін жұмысты қарқынды жүргізуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: