Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда «Эврика» дүкендер желісі ашылды

27.09.2021, 17:25 309

HALYQLINE.KZ Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде «Эврика» электроника және тұрмыстық техника сататын дүкендер желісінің сауда орны ашылды. Дүкен аудан орталығында жақында ғана пайдалануға берілген «Сезім» сауда үйінің екінші қабатында орналасқан.

«Эврика» сауда орталығының ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жаңа дүкеннің лентасы қиылған соң филиал басшысына аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.

Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев электроника және тұрмыстық техника сататын дүкен ішін аралап, елімізге белгілі дүкен ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: