Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды

10.01.2022, 11:10 300

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты елімізде 2022 жылғы 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Жалпыұлттық аза тұту күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің ғимаратында Мемлекеттік ту төменге түсірілді. Департаменттің жеке құрамы қаз-қатар тізіліп, 5 қорап құрып, сапқа тұрды. Бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.

«Қызылордалық полицейлер барлық Қазақстан халқымен бірге қайғыруда. Бұл – біздің еліміз үшін үлкен трагедия»,- деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

«Бірде бір адам бей-жай қарап қалмауы тиіс. Ел басына күн туған сәтте бейбітшілік пен тұрақтылық болуы үшін біз бірігуіміз керек. Ең бастысы – халқымыздың амандығы мен еліміздің тыныштығы» деген ойын жеткізді Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің барлық қызметкерлері және Ардагерлер кеңесі қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: