Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қауіпті кеселді жеңудің жалғыз жолы – екпе салдыру»

27.07.2021, 16:30 339

Індеттің тарауының көбеюі мен өршуіне байланысты аймағымыз әлі күнге дейін «қызыл аймақ» қатарында. Коронавирус өңірімізде өшіп тұр. Соның әсерінен жедел жәрдем қызметкерлеріне де артылар жүк көбейіп отыр. Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы шілде айында 46 000 шақырыс орындаса, орта есеппен алғанда тәулігіне орындалған шақырыстар саны 1400-1500-ді құрайды. Бұл өткен мамыр-маусым айларымен салыстырғанда 8 мың шақырысқа көп.

– Жедел жәрдем стансасына түскен шақырыстардың күрт өсуін ауа райы температурасының жоғарылығымен және «Covid-19» инфекциясы мен жоғары тыныс жолы ауруларының көбеюімен байланыстырамыз. Өткен аймен салыстырғанда (мамыр-маусым): жоғары тыныс жолы аурулары – 34%-ға өсті, пневмония – 56,2%-ға өсті, жедел респираторлы вирусты инфекция (ОРВИ) – 37,5%-ға өсті, «Covid-19» инфекциясы – 52%-ға өсті. Одан бөлек салқын тағамдар мен сусындардың көп пайдаланылуы әсерінен дене температурасының жоғарылауы, тонзилит, фарингит, трахеит диагноздарымен тускен шақырыстар саны өсті. Сонымен қатар барлық созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға шақырыс саны көбейді, – деді облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің медицина ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Талғатқызы.

– «Covid-19» вирустық инфекция қатарына жатады. Яғни, ауру ауа арқылы тарап, азаматтарға ауа арқылы жұғады. Сондай-ақ, қазіргі таңда түрлі штамдар шығып жатыр. Яғни вирустың таралуы мен түрленуі күннен күнге күрделеніп барады. Әрине бұл ретте баршамыздың бойымызды қорқыныш билейтіні рас. Дегенмен әрбір аурудың емі де болатыны секілді, коронавирус инфекциясының да емі, яғни жояр жолы табылды. Ол – вакцина. Өткен жылдан бері шетелдік және отандық ғалымдар бұл дертпен күресу үшін вакцина жасау жолында көп тер төкті. Ендігі кезекте, әрбір азамат екпе жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдаса, бұрынғы күндеріміз қайта келер еді, – деді «Сенім» емханасы директорының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бойынша орынбасары Шолпан Сұлтанқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: