Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарашалаң ауылына жем жөнелтілді

19.08.2021, 17:00 113 0

HALYQLINE.KZ Биылғы Арал ауданында қуаңшылық жағдайына байланысты ауданымызға жерлесіміз Болат Өтемұратов қорынан көмекке қомақты қаржы бөлінгені белгілі. Аталған қор көмегінің есебінен бүгінде ауданымызға малға қажетті бидай жемі жеткізіліп келеді. Соған сәйкес бүгін кезекті жем көлемі ауданға қарасты Қаратерең және Бөген ауылдық округтеріне жөнелтілді.

Айта кету керек, Бөген ауылдық округіне жөнелтілген 884 қап бидай жемінің 472-сі округке қарасты Қарашалаң елді мекенінің мал ұстап отырған шаруаларына таратылып берілмек. Қалған жем Бөген елді мекенінің тұрғындарына теңдей үлестірілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: