Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қандай жұмыстар атқарылды?

11.11.2021, 16:30 289

HALYQLINE.KZ  Баспасөз конференциясында қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Оспанов атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Атап өтсек, 2021 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 2 магистральды жол құрылысы және ұзындығы 40,7 шақырым болатын 63 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары толықтай аяқталды. Асфальт төсеу жұмыстары қала аумағындағы 20 көшеде жүргізілуде.

Сондай-ақ, 79 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге және С.Бейбарыс көшесінен «Қызылжарма» каналы – Назарбаев даңғылына дейін магистральды көше құрылысын аяқтау үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылған. 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын орналастыру үшін жоба-сметалық құжаттарын жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Осы жылы көппәтерлі тұрғын үй аулаларында 25 ойын алаңдары пайдалануға беріліп, 28 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды. Жыл соңына дейін қалалық бюджеттен бөлінген қосымша қаржыға 5 көшеге түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары аяқталмақ.

Бұдан бөлек, тұрғындардың сұранысына сәйкес қоғамдық көліктердің жол сызбасын оңтайландыру жұмыстары кезінде әзірленген жол сызбаларға сәйкес жолаушылар тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізуге қажетті құжаттар әзірленуде.

– Өздеріңізге белгілі, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-нің теңгеріміндегі 135 дана автобустың 112 дана автобусына электрондық төлем жүйесі орнатылған. Ендігі ретте, қала аумағы мен қалаға қарасты елді мекендер тұрғындарын тасымалдау қызметімен айналысатын жеңімпаз серіктестіктердің көліктеріне де электронды төлем жүйесін орнату жоспарлануда. Ол үшін серіктестіктер «QazSmartTrans» ЖШС-мен келісімшартқа отырды. Сонымен қатар, орталықтандырылған диспетчерлік қызметін ашып, (ЦДС) бір жерден басқару жұмыстарын жүргізу де жоспарда бар, – деді бөлім басшысы.

Брифинг барысында қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету бойынша 4 ЖШС және 13 ПИК және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК тарапынан арнайы техникамен жасақталған 5 авариялық бригада және 8 учаскелік бригада тиісті жұмыс атқарып жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК қарасты қазандықтарда сыртқы ауа температурасына сай бекітілген температуралық кестеге сәйкес желілік судың орташа температурасы – 67/500С құрап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: