Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пропан тасымалдайтын камаз өртенді

13.12.2020, 11:45 439

HALYQLINE.KZ Бүгін (13 желтоқсан) 06 сағат 27 минутта Қызылорда қаласы Қызылорда-Жезқазған трассасы бойында Камаз автокөлігі жанып жатқандығы жөнінде 101 нөміріне хабар келіп түсті. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді.

Шұғыл қимылдың нәтижесінде «Азимут» ЖШС-не қарасты пропан тасымалдайтын 12 тонналық «MAN» маркалы автокөлігінің алдыңғы бөлігі жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнындағы өрт сөндірушілердің жедел әрі біріккен іс-қимылдарының арқасында Шымкент қаласынан Ақшабұлақ кен орнына жолға шыққан автокөліктің артқы бөлігіндегі 12 тонна пропанның жарылуына жол берілмей 07 сағат 00 минутта тілсіз жау толығымен өшірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Және өрт зерттеу сараптамасы өрттің шығу салдары мен шығынын анықтау үстінде.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару

жұмыстары қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: