Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент Қапшағай қаласын Қонаевтың атына беруге дайын

16.03.2022, 11:05 218

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты. 

Айта кетейік, Қапшағай – Алматы облысы, Алматы қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан қала. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған.

Бүгінде 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: