Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пәтер иелері кооперативтерінің жаңа жүйесі талқыланды

26.11.2021, 10:45 298

HALYQLINE.KZ Облыста жалпы саны 1222 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 18-і пәтер иелері кооперативі мекемесі қызмет көрсетеді. Осы орайда, өткен жылдан бастап «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енген болатын. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, пәтер иелерінің кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару қызметін 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асырмақ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

«Қабылданған Заң аясында басқарудың екі нысаны қарастырылған. Яғни, мүліктің меншік иелері бірлестігі мен көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі. Қабылданған басқару түрі бойынша енді әр үйге бір бірлестік пен есеп шот құрылады. Онда көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері басқарады. Сондай-ақ, сервистік компаниялардың жұмыстарын қабылдай алады. Қазіргі таңда 630 тұрғын үйге жаңа басқару органы құрылды», – деді Ерлан Мақсотұлы.

Шаһарда жалпы саны 815 көпқабатты тұрғын үй бар болса 240 тұрғын үй «Меншік иелерінің бірлестігі» немесе «Жәй серіктестіктер» құруға жатпайды. Бүгінгі күнге дейін қала аумағында 438 жай серіктестік пен 12 меншік иелерінің бірлестігі құрылды.

«Қызылорда қаласындағы кондоминиум обьектілерін басқаруға және ортақ мүліктерді күтіп ұстауға жұмсалатын шығындардың ең төменгі мөлшерін бекіту бағытында ЖК Asi Service мекемесімен қаладағы минималды тариф есептемесімен жасау үшін 1,1 млн теңгеге келісімшарт әзірленіп, қазіргі таңда жобалары жасалуда. Сондай-ақ, заңға енгізілген өзгерістерге байланысты коммуналдық қызметтерді көрсетудің қағидасы әзірленуде», – деді тұрғын үй испекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: