Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оралдық оқушылар «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына орналастырылды

17.04.2024, 10:40 197

HALYQLINE.KZ

Апат айтып келмейді. Ел азаматтары өңірлерде болып жатқан апатқа бір ауыздан қол көмегін созып, жұмылуда. Ежелден жұрт дегенде жұмылған, ел дегенде егілген батыр бабаларымыздың ұрпағы халқы үшін қол ұшын созуға әрдайым дайын тұрады. Бұл игі бастамадан теңізді өлке де қалыс қалып жатқан жоқ, деп хабарлайды Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін түнде Арал аудандық білім бөлімі Қазалыдағы теміржол бекетінен Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен 103 баланы қарсы алып, (5-9-сынып оқушылары) Арал ауданындағы «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына орналастырды.

Оралдық балалар бүгіннен бастап 10 күн бойы аталған орталықта білім мен тәрбие ғана алып қоймай, түрлі мәдени-сауықтыру іс-шараларға қатысады. Сондай-ақ, ауданның тарихи-мәдени орындарына экскурсия жасайды.

Мекемеде балаларға барлық қажетті жағдай жасалып, офлайн оқу процесі, сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Қиын-қыстау кезеңде отандастарымызға көмек қолын созуға әрқашан дайынбыз!

https://www.facebook.com/aralaudany/videos/1795964660817006

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: