Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ойлар…

06.05.2021, 9:30 586

Күнәсі көп кісілердің қартайғанда Құдайға құлшылығы күшейе  түседі.

***

Жасынан итке таланған күдікшіл келеді.

***

Өресін өсекпен өсіргендер өшеді.

***

Адам – ақылды ақымақ

***

Ағасының бір қолы іні үшін жаралған,

Нағашының бір қолы жиен үшін жаралған.

***

Шаруашылық. Шаруасы бес батпан шылық дегенді білдіре­ді.

***

Менменде мырзалық жоқ, мешкейде ырзалық жоқ.

***

Ел тыныш, ер құрыш болсын!

***

Диқанның серті – дән, мақалдың көркі – мән.

***

Қолтығы кең кісінің пейіліне қызыр қонады.

***

Нәзірі жоқ байдың байлығын Құдай бөлшектейді.

Қаныбек  ӘБДУОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: