Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады

30.01.2020, 8:12 644

28 қаңтар күні 21:50-де Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесі №43 мекенжайындағы болып жатқан өрт оқиғасы жөнінде 112 құтқару қызметіне хабар келіп түсті. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департамент қызметкерлері жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде “Smart rubber» ЖШС-нің ауласындағы көлемі 25×10 болатын ескі шиналардың жанып жатқанын анықтаған. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының арқасында 80 метр қашықтықта орналасқан Сырдария өзеніне мотопомпа орнатып, 3 «б» оқпаны арқылы тілсіз жауды 22:46-та оқшаулады.

Өрт сөндіру барысы…

Алайда тілсіз жауды сөндіру барысында жанған шина қалдықтарын ашу жұмыстарына қажетті техникалар мердігер мекемеден табылмай қиындық тудырды. Кедергілерге қарамастан өрт сөндірушілердің кәсіби біліктіліктерінің нәтижесінде сөндірілді.

Өртті оқшаулауға өрт сөндіру қызметінен 18 қызметкер және 4 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Қазіргі таңда зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталу үстінде.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: