Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс орталығында «Таза ауа» іс-шарасы басталды

04.09.2020, 11:20 795 0

HALYQLINE.KZ  Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасымен қадағалау аймағында қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың сақталуына үнемі талдау жүргізілуде.

Қазіргі таңда, әртүрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар саны күннен күнге артуда.

Уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес қала аумағында жеке және заңды тұлғаларға 70 мыңнан астам көлік құралдары тіркелсе, күнделікті басқа аудандар мен облыстардан келіп кететін көлік құралдарының саны 90 мыңға жуық.

Есесіне, аталған автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдардың шығарындыларда нормативтерден асып кететін ластаушы заттар болып, экологияға кері әсерін тигізуі жоққа шығарылмайды.

Сонымен қатар, қала аумағында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруіне орай, кең таралған пайдалы қазбаларды (құм, топырақ, тас және т.б.) тасымалдайтын жүк көліктері оларды тасымалдау ережелерін өрескел бұзып, қоршаған ортаға және қаланың тазалығына кері әсерін тигізуде.

Осыған орай, 2 қыркүйектен бастап Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен қалалық ПБ-ның, облыстық Экология департаментінің және Көліктік бақылау инспекциясының мамандары бірлесіп қала аумағында «Таза ауа» атты іс-шара жүргізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – автокөлік құралдары жүргізушілерімен экологиялық заңнаманың сақталуы, жылжымалы құралдардың шығарындыларында ластаушы заттардың нормативтерден асып кетуінің алдын алу және заң нормаларын түсіндіру.

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: