Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Назарбаев бейнеленген монеталар сатылымға шықты

26.04.2021, 17:15 344

HALYQLINE.KZ Ұлттық Банк 28 сәуірден бастап Қазақстанның экс-президенті, қауіпіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бар коллекциялық монетаны сатылымға шығарады.

Жаңа монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында шығарылады.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуы тиіс.

Номиналы 1 000 теңгелік монеталардың жалпы массасы 62,2 грамм.

Материалы – массасы 46,2 грамм 925/1000 сынамалы күміс, массасы16 грамм 999/1000 сынамалы алтынның құрамдас бөлігі.

Өндіріс сапасы – proof. Диаметрі – 50 миллиметр.

Таралымы – 1 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

«Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Монеталар кәдесый орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған», – деді Ұлттық Банкте.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: