Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Науқасты орнынан тұрғызған күректің сабы

25.07.2021, 15:00 347

HALYQLINE.KZ

Бір ер адам бала күнінде аттан құлап белін ауыртып алады.

Содан бері төсек тартып жатып қалады.

Жиырма үштен асқанша жігітті кәрі ата-анасы бағады. Жігіт төсекке таңылып жатқан күйі жата береді.

Бірде қарттар қонаққа кеткенде үй есігін біреу қағады.

-Кім екен?-дейді теледидар көріп жатқан жігіт дауыстап.

-Құдайы қонақ едім, кіруге рұқсат па?-дейді белгісіз ер адам.

-Ашық, кіріңіз.

Үйге жасы алпысты алқымдаған ер адам кіріп келеді де:

-Алыс жолдан келе жатқан ем, бір жұтым су сұрап келдім,-дейді.

-Су орнына сүт берер ем, әттең, төсектен тұра алмаймын…

-Иә, не болды?

-Бала күнімде аттан құладым. Ол кезде 7 жаста ем.

-Орныңнан тұруға талпынсаң да ештеңе шықпады ма?

-Мен орнымнан тұруға… талпынбаппын да…

-Неге?

-Қорықтым.

-Қазір,-деп қария далаға шығып кетеді. Санаулы уақыттан соң оралып:

-Бұл менің таяғым, сиқыры бар. Бісмілләңді айтып сүйенсең, орныңнан тұрып жүріп кетер ең,-дейді қария қоңыр түсті орындыққа жайғасып жатып.

Жігіт сиқырлы таяққа ақырындап сүйеніп, орнынан тұрмақ түгілі, құдайы қонаққа бір кесе су да әкеп береді…

Сөйтіп қонаққа бар алғысын жаудырып, көзіне жас алады.

-Бұл ешқандай да сиқырлы таяқ емес, сыртта тұрған күректің сабы еді,-деген екен сонда қонақ.

Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: