Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нағи Ілиясовтың бюсті ашылды

06.11.2020, 13:00 626

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыс орталығында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан Соғысының ардагері Нағи Ілиясовтың 100 жылдық мерейтойына орай батырдың ескерткіш-мүсіні ашылды. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бюст батыр атындағы №9 мектеп-гимназиясының алдына орнатылған. Бюсттің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі ел ардақтысын еске алып, батыр бабаларымыздың даңқын асқақтатып, кейінге өнеге ету, жас ұрпақ жадында жаңғырту – бұл төл тарихымыздан тағылым алу, ертеңгі болашағымыздың баянды болуы үшін аса қажетті шара екенін айтты.

Сонымен бірге арда тұлғаның көзі тірісінде ел үшін атқарған еңбектеріне тоқталып, Нағи Ілиясов туған топырағына деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын ерлігімен, батырлық ісімен, табанды қызметімен көрсеткенін атап өтті.

Шарада ұрпаққа үлгі боларлық айтулы еңбектері арқылы, өзінің мағыналы ғұмырында артына өшпес із қалдырған батырдың баласы Ринат Ілиясов әкесі туралы естеліктерімен бөлісіп, батыр атын ұлықтаған ел азаматтарына алғысын жеткізді.

Одан әрі еткен еңбек, төккен тердің арқасында жауапты қызметтерді абыроймен еңсеріп, майдан даласында ерен ерлік көрсеткен батыр ескерткіші ашылып, естелік гүл шоқтары қойылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: