Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Министрлер Қызылорда су торабының жұмысымен танысты

23.08.2022, 16:45 301

HALYQLINE.KZ ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш.Қарашөкеевтің және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А.Брекешевтің Қызылорда облысына жұмыс сапарларының бағдарламасына сәйкес, Қызылорда су торабында облыстың су шаруашылығы нысандарының жұмыстарын көрді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А.Брекешев Қызылорда су торабында атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

2020 жылдан бастап апаттық жағдайдағы Қызылорда су торабына жөндеу жұмыстары атқарылуда. Мердігер мекеме «Caspian Contractors Trust» ЖШС өкілінің айтуынша жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталатын болады.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев және «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ы Қызылорда филиалының директоры Роллан Ахметов облыстың су шаруашылығы саласындағы өзекті «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру», «Қараөзек» су қоймасын салу, «Аманөткел» су торабын салу, «Ақлақ» су торабын жөндеу, «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобалары туралы баяндады.

Соның ішінде осы жылы «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасын бастау мәселесі келісілді.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А.Брекешев Су ресурстары комитетінің бюджетін қайта бағыттау есебінен жобаны іске асыруды бастауға қаржы бөлу мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: