Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…

25.01.2022, 13:45 1065

Жырымды жазсам, білімді жазсам пішімдеп,

Артылар үміт сарқыла қоймас күшім кеп.

Нашақорлықтың басын бастайтын әуелі –

Заманның дерті, адамның дерті, үш індет.

Тигізем десең жақсылығыңды қоғамға,

Жасаймын десең пайдалы ісіңді адамға,

Өскелең ұрпақ есіңе сақтап ал мұны,

Тазалық болу – басты қағида санаңда.

Тарқатар болсаң тарихыңменен өткенді,

Бабаңнан қалды бәсіре болып көп белгі.

Ащы суменен арбамау керек ойыңды

Көк түтінменен ластамау шартың өкпеңді.

Нашақорлықпен күресе білсең қаншалық,

Дәрежең өсер бағың да асар соншалық.

Зиян істерге жүретін болсаң жол салып,

Тағдырыңды да күрмей бересің тор салып.

Түсінем десең денсаулығыңның маңызын,

Түзу жолдардан таймайды мүлде әр ізің.

Есірткілерден, нашақорлықтан алшақ боп,

Өзіңді реттеп қоғамды түзеу – парызың!

Дидар ӨМІРЗАҚ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда

педагогикалық жоғары колледжінің ІV курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: