Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік грант мақсатқа сәйкес жаратылу керек

21.10.2021, 17:45 760

HALYQLINE.KZ «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын тұлғаларға 200 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант қарастырылған.

Мемлекеттік грант қаражаты қажетті мәккамалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, өсімдіктерді алу және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.04.2020 жылғы №189 қаулысының талаптарына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.

Мониторинг жүргізу барысында мемлекет қаражатын мақсатсыз пайдалану деректері анықталуда.

Нақтырақ айтқанда, 2021 жылы бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланған 79 тұлға сотқа берілді. Нәтижесінде 59 кәсіпкерге бюджет қаражатын кері қайтару туралы сот шешімі қабылданды және 17 кәсіпкерге қатысты азаматтық істер қаралу үстінде болса, 3 талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Осыған орай, Заң талаптарына сәйкес бюджет қаражатын мақсатына сай жаратуға шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: