Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп оқушысы 100 мың теңге аударды

16.04.2024, 17:05 238

HALYQLINE.KZ

Күні кеше Қызылорда қаласында өткен «Көктем нұры» атты республикалық оқушылар айтысында арнайы сыйлық иегері атанған Бекзат Баян айтыстан алған 100 000 теңге көлемдегі жүлдесін түгелдей қайырымдылыққа жұмсады. Бұл туралы фейсбукте Aqjaıyq Aıtys парақшасында жарияланды.

Бекзат аударған қаражатқа етігімен су кешіп жүрген БҚО белсенді жастарынан құралған еріктілерге су өткізбейтін жартылай комбинизондар сатып алынды.

Бекзат Баян – Орал қаласындағы №49 ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы, «Жұлдыз» комьюнити орталығының «Күміс қоңырау» жас ақындар үйірмесінің тәрбиеленушісі.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: