Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Майдангер Яхия Тасыровқа автокөлік кілті табысталды

21.01.2022, 15:40 358

HALYQLINE.KZ

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровтың үйіне барып, ақсақалдың жағдайын білді.

Облыс әкімі мен Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал и К» толық серіктестігінің басшысы Абзал Ералиевпен бірге абыз ақсақалды 100 жас мерейтойымен құттықтап, Сыр халқы атынан автокөлік кілтін табыстады. Автокөлік демеушілік есебінен ұсынылды.

Ғасыр куәгері Яхия Тасыров береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын айтып, жастардың бейбіт күнде туған еліне адалдықпен, жанашырлықпен қарауы қажет екенін айтып, ақ батасын арнады.

Яхия Тасыров 1922 жылы Теренөзек ауданында дүниеге келді. Соғыс жылдары артиллерия әскери күштері құрамында Сталинград, Курск қалалары мен Беларусь, Польша, Германия елдерінде шайқасқа қатысқан. Көптеген орден және медаль иегері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы.

Айта кетейік, бүгінде облыста 7 Ұлы Отан соғысының ардагері бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: