Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Козачков: «Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин үйқамаққа алынды»

18.01.2022, 9:35 225

HALYQLINE.KZ Әлеуметтік желіде Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминнің қамауға алынғаны хабарланды.

Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин үйқамаққа алынды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды.

Ол «Қазақстан темір жолы» компаниясының қызметкерлері Асқар Маминнің оралуы мүмкін екенін айтқан. Бірақ журналист бұған асығыстық танытудың қажеті жоқ деп отыр.

Өйткені бірнеше дереккөздерге сүйенсек, ол қазір үйқамақта. Себебі, Кәрім Мәсімовпен бірге мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы болуы мүмкін. Айтпақшы, Мәсімовпен екеуі сыныптас, – деп жазды Козачков.

Асқар Мамин 2019 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін Қазақстан Үкіметін басқарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған кетерінде алғыс айтқан.

Ал ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда ұсталып, 2 айға қамауға алынған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: