Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктемнің алғашқы айында 12 күн демаламыз

04.02.2021, 8:45 423

HALYQLINE.KZ

Ел тұрғындары алдағы наурыз айында екі бірдей мерекені атап өтеді.

Көктемнің алғашқы аптасына түсіп тұрған мереке 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Биыл бұл күн дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Сол себепті аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар қатарынан үш күн (6, 7, 8 наурыз) демалады.

Ал Наурыз мерекесі кезінде қазақстандықтарға 5 демалыс күні беріледі. Яғни, сенбі 20 наурыздан бастап сәрсенбі 24 наурызға дейін. Наурыз мерекесінде берілетін ресми үш демалыс күннің бір күні (21 наурыз) жексенбіге түсіп тұрғындықтан, демалыс күні сәрсенбіге ,яғни 24 наурызға ауыстырлады.

Осылайша, Қазақстан халқы наурыз айында 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.

Айта кетейік, аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары 2021 жылы 120 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы болса, 68 демалыс күні беріледі.

Сонымен бірге мамырда үш мемлекеттік мереке бар. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр сенбіге, ал 9 мамыр жексенбіге түсіп тұрғандықтан, екі мерекеден кейінгі дүйсенбі демалыс күні болып саналады. Осылайша, мамырда қазақстандықтар 13 күн демалады.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мұсылмандарға арналған 2021 жылдың діни мерекелер кестесін бекіткен болатын.

Дереккөзі: Nur.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: