Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кемшіліктердің көбі аудандық, ауылдық жолдарда анықталып отыр

30.11.2021, 14:00 296

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиал қызметкерлері 2021 жылдың 11 айында 223 нысанға 473 рет жолға тексеру жұмысына шықты. Ішінара тексеру барысында 1297 сынама алынып, тексерілді, оның ішінде 460 жол құрылыс материалының сынамалары нормативтік құжаттардың талабына сай болмай шықты. Аспаптық тексеру барысында 190 ақау анықталды, оның 59-ы – өрескел. Біздің тарапымыздан берілген ескертпе ақаулардың нәтижесінде 22 700 000 теңге 8404 м² асфальт бетон жамылғысы ауыстырылып қайта салынды. Тапсырыс берушілер мен Мердігерлерге табылған кемшіліктер бойынша хаттар жолданды. 

Қазіргі уақытта жоғарыда айтылған 460 нормативке сай келмеген жол құрылыс материалдарының 189 сынамасы қалпына келтірілді. Аспаптық тексеру барысында табылған 190 ақаудың 123-і қалпына келтірілді.

Қызылорда облысы бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК филиал қызметкерлері 5 нысанға 158 рет жолға тексеру жұмыстарына шықты. Ішінара тексеру барысында 47 сынама алынып тексерілді, оның ішінде 1 жол құрылыс материалының сынамасы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болмай шықты. Аспаптық тексеру бойынша 130 ақау анықталды. Біздің тарапымыздан берілген ескертпе ақаулардың нәтижесінде 3 600 000 теңге 360 м² асфальт бетон жамылғысы ауыстырып, қайта салынды. Тапсырыс берушілер мен Мердігерлерге табылған кемшіліктер бойынша хат жолданды.

Қазіргі уақытта анықталған сапасыз жол құрылыс материалы толық қалпына келтірілді,  аспаптық тексеру бойынша табылған 130 ақаудың 114-і қалпына келтірілді, 16 ақауды жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Жергілікті маңыздағы жолдардың 150 нысанына 224 рет тексеру жүргізілді. Ішінара тексеру барысында 971 сынама алынып, тексерілді, оның ішінде 383 жол құрылыс материалдарының сынамалары нормативтік құжаттардың талаптарына сай болмай шықты. Аспаптық тексеру бойынша 54 ақау анықталды. Тапсырыс берушілер мен Мердігерлерге кемшіліктер бойынша хат жолданды. Бүгінгі күнге жіберілген кемшіліктер толығымен қайта қалпына келтірілді.

Жоғарыда айтылған кемшіліктердің көбі аудандарда және ауылдық округтерде салынып жатқан жолдарда анықталып отыр.

Қызылорда облысы бойынша

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы»

РМК филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: