Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Halyk Bank жапа шеккендерге 3 млрд теңге бөледі

14.01.2022, 15:10 169

HALYQLINE.KZ Halyk Bank өз қаражатынан 3 млрд теңге бөледі. Бұл қаражатты шағын және микро бизнес секторындағы зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек ретінде, сондай-ақ қираған нысандарды тез арада қалпына келтіру және шұғыл шешімді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады.

Бұған дейін Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова Atameken Business телеарнасында берген сұхбатында террористік шабуыл және жаппай тәртіпсіздіктің жойқын салдарын жеңуге көмектесуге дайын екенін айтқан болатын.

– Менің ойымша, қазіргі жағдайда күшіміз бірлікте. Кез келген қиындық, кез келген жауға қарсы тұруымыз керек. Мен өз елімді өте жақсы көремін және әрбіріміз қолымыздан келгенше көмек беріп, жақсылықтың жаршысы болуымыз қажет. Осы қиын-қыстау күндерде барлығы бейбіт өмірдің өте нәзік екенін және ең басты құндылығымыз – адам өмірі мен денсаулығы екенін сезіндік. Сондықтан, баршаңызға мен әрдайым бейбітшілік, денсаулық, тыныштық және жақсылық тілеймін, – деп атап өтті Үміт Шаяхметова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: