Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жоғары даму көрсеткіштеріне қол жетті

12.03.2024, 17:40 120

HALYQLINE.KZ

2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы негізгі экономикалық макрокөрсеткіштер өсімі бойынша бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында айтты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші бойынша екінші орында екенін атап өтті.

Мәжілісте ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Сыр өңірі екі ай қорытындысымен жоғары даму көрсеткіштеріне қол жеткізгенін айтты.

«Қаңтар-ақпан айларында ел экономикасы 4,2%-ға, барлық макрокөрсеткіштер Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай облыстары мен Астана қаласында өсті», – деді Үкімет басшысы.

Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды және бюджет қаражатын толық игеруді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: