Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан электр энергияны Ресейден қымбат бағаға алып жатыр

02.02.2023, 12:25 179

HALYQLINE.KZ

Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Скляр энергетика министрлігіне елдегі электр энергияға тапшылықты жою шараларын тездетуді тапсырды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады. 

«Соңғы екі жылдан бері электр энергиясы тапшылығы болып жатыр. Біз осындай кезде энергияны Ресейден өте жоғары бағаға сатып алуға мәжбүр боламыз. Тапшылық бір тәулікте 1 200 МВт болып жатыр. Сарапшылар мұны сұраныстың өсіп, энергетикалық инфрақұрылымдардың ескіргенін және апатты жағдайлар көп болып жатқанымен түсіндіреді», – деді Скляр.

Ол энергетика министрлігін жаңа өнеркәсіп нысандарын іске қосу бойынша жоспарды біле тұрып, ешқандай шара қолданбағаны үшін сынға алды. Вице-премьер сонымен бірге министрлік пен «Самрұқ-Қазына» ұлттық қорына 15 ақпанға дейін жаңа генерациялық қуатты іске қосу мерзімін қайта қарап шығуды тапсырды.

Қазақстан билігі электр энергиясы тапшылығын халықтың және бизнестің сұранысы өскенін, энергетикалық инфрақұрылымдардың ескіргенін және «көлеңкелі майнерлердің» жұмысымен түсіндіреді.

Осы проблемаларды шешу үшін халықты АЭС салуға көндіру мақсатында түсіндіру істерін жүргізіп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: