Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі шаруашылық басшыларымен кездесті

31.07.2023, 9:40 176

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев егiс алқабын аралап, шаруа қожалықтарымен күрiш өсiру мәселелерiн талқылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев егісті күтіп-баптау және суару барысын баяндады. Биыл дақылдарды тұрақты суаруға 3,8 млрд текше метр су лимиті белгіленді. Осыған сәйкес, 195,9 мың гектар жерге дақылдар егілді. Оның ішінде күріш көлемі 88,1 мың гектар, дәндi дақылдар 100,4 мың гектар, майлы дақылдар 5,3 мың гектар, малазықтық дақылдар 70,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,9 мың гектар. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 7,4 мың гектарға, күріш 9,5 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша 302 гектарға артық болса, майлы дақылдар 653 гектарға, малазықтық дақылдар 916 гектарға кеміген.

Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 872,5 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 577,5 гектар жерге тамшылатып, 295 гектарға жаңбырлатып суару әдістері қолданылған.

Аймақ басшысы егін маусымын ұтымды ұйымдастырып, өнімді шығынсыз жинауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: