Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Экономикалық ахуалға қатысты мәселе қаралды

06.03.2024, 8:35 79

HALYQLINE.KZ

Кеше Қазалы ауданы әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен Мемлекет және аймақ басшысының тапсырмасының ауданда орындалуы бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында аудандағы инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру және абаттандыру, көгалдандыру мәселелері қаралды.

Алдымен аудан басшысы инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарға тоқталып, инвестиция индикаторын артығымен орындау мәселесіне тоқталды.

Осы ретте, тиісті сала бойынша аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауыл әкімдеріне ауданға инвестиция тарту мақсатында инвесторлармен толыққанды серіктес ретінде жұмыс істеп, олардың проблемалық мәселелерін заң аясында жедел шешу бағытындағы тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Жиында өңірдегі іске асырылу сатысындағы және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобаларды сүйемелдеу, бұл бағытта туындаған мәселелерді шешу және жобаларға заң аясында барынша қолдау көрсетіп, нақты нәтиже беретін жұмыстарды қолға алу қажеттігін айтты.

Мұнан бөлек жауапты сала басшыларына тоқтап немесе басқа да себептермен жобаларын бастамай отырған кәсіпкерлермен кездесіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігі жөнінде тапсырма берілді.

Мәжілісте мұнан соң аудандағы санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру мәселесі қаралды.

Мейрамбек Зинабдинұлы барлық кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне өз аймақтарындағы әлеуметтік-мәдени нысандар мен саябақтарға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, кіреберіс төлқұжаттан бастап сырлап, әктеп, талдарды балақтап, аяқ су арықтарын тазалап, сенбіліктерді жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: