Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта қандай құрылыс жүріп жатыр?

12.10.2022, 15:30 468

HALYQLINE.KZ

Облыста сәулеті жарасқан әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды дамып келеді. Биыл өңірде 108 нысанның құрылыс жұмыстары жүруде. Бүгінгі күнге дейін 7 нысан ел игілігіне берілсе, жыл соңына дейін 97 нысан пайдалануға берілмек. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Мәди Әліп хабарлады.

– Осы уақытқа дейін Әйтеке би кентінде 250 орындық емхана, 2 медициналық бекет, Жалағашта оқушылар үйі мен Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, Арал қаласында 200 орындық мектеп пен 100 орындық интернат және шыны зауытының теміржол тұйығы салынды. Қазіргі күні білім саласында – 12, денсаулық сақтау саласында – 6, мәдениет және спорт саласында 25 нысан, халыққа қызмет көрсету саласы бойынша неке сарайының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл аяғына дейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1294 пәтерді құрайтын 31 тұрғын үй халыққа табысталмақ. Ал 9 айдың қорытындысымен 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, – деді басқарма басшысының орынбасары Мәди Раманқұлұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: