Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Диктант жаз да, ұтысқа ие бол!

02.12.2021, 15:45 673

HALYQLINE.KZ Еліміздегі үздік ақпарат агенттіктерінің бірі Stan.kz сайты биылғы жылдың 15 желтоқсан күні таңғы 08:00 мен 20:00 аралығында онлайн-диктант өткізеді.

Қазақстан тұрғындарын қазақ тілін білуге қызықтыру, қазақ тілділерді өз тілінде сауатты болуға шақыру мақсатындағы шара биыл екінші мәрте ұйымдастырылуда.

Бір күн бойы өткізілетін онлайн-диктантқа оқушылардан бастап, зейнеткерлерге дейін қатыса алады. Ең сауатты, яғни диктантты «5» деген бағаға жазған жандарға бағалы сыйлықтар бар. Қазақ тіліндегі сауаты орташа яғни «4» бағасын алғандарға ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Биыл диктант мәтіні ретінде жазушы, ақын Бейбіт Сарыбайдың шығармасынан үзінді оқылады. Диктантты тележүргізушілер Мақсат Толықбай, Анна Данченка, Жанат Бақыт оқитын болады.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: