Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БІЗ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ БА, әлде ӨМІР БІЗДІ СҮРІП ЖАТЫР МА?!

27.03.2020, 11:33 1106

Көне Грек заманында Диоген деген атақты­ ойшыл өмір сүріпті. Ол қолына май­шам­ жағып алып, шаңқай түсте көше аралап кетеді  екен.  Оны  көрген  таныстары:

– Әй, Диоген, шаммен күн жарықта не іздеп жүрсің? – деп сұрайды. Диоген:

– Адам іздеп жүрмін, – депті. Олар:

– Тұрмыз ғой міне, қанша адам керек? – дегенге­.

– Ал сен адамсың ба? – деген екен.

Диоген бұл ісін былай түсіндіреді:

– Ит туғанда ит болып­ туады, өс­кенде ит болып­ өседі. Яғни, мы­сық я жылқыға айнал­майды. Мысық  та  туғанда мысық болып туады,­ өскенде де мысық болады.­ Яғни, ит не басқа жануарға айналмайды. Мұндай заңдылық­ Құдай жаратқан мақұлық атау­лының барлығы­на тән. Тек, бір ғана жара­тылысына емес, ол – адам. Яғни, адам туғанда адам болып туады, өскенде қандай­ болатын­ы өскен ортасына байла­нысты. Мысалғ­а: адамды туғанда маймылдардың арасына жіберсе, өскенде тура маймыл­дарша өмір сүреді. Егер, ақсүйек адам­дардың ортасына жіберсе, ақсүйек болып өседі. Сол себепті де надандыққа батқан­ қоғамнан адам деген атқа лайық адамды табу өте қиын, тіпті майшам жағып іздесең де таппайсың. Қоғамдық тәртіпті түбегейлі өзгертпейінше, қанша адам туса да олардың адам деген атқа лайық болуы екі­талай, – деген­  екен.

Енді, Диогеннің шамын осы заманға әкелсек, Диоген іздегендей адам табу оңай болмасы анық. Неге десеңіздер, қоғамда адамдар тарапынан болып жатқан азғындықты айтпасақ та өздеріңіз жақсы білесіздер. Мәселе осы азғындықты шама келгенше тоқтатып, жаңа туған адамдарды адам етіп тәрбиелеуде болып тұр. Әйтпесе, жаман­ды  жамандап, айыпты болып қалған үкімет қызметкерлерін түрлі шоуларда келек­е-мазақ қылып отыра беру түк пайда бермейді. Керісінше, екінші бір проблемаға соқтыратын қаупі бар.

Енді, біз қандай қоғамбыз, қандай қоғам болуымыз керек? Қоғамды қалай түзейміз? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Әдетте, адам көшеге шығарда түр-әлпе­тін ретке келтіру үшін айнаға қарайды. Сөйтеді де, артық-кем жерін түзеп, үсті лас болса оны жуып, тазалап, реттеліп шығады.

Осы секілді қоғам да айнаға қарағандай өзінің тұрмыс-тіршілігіне сырттан қарап, артық-кем жерін түзеп отыру керек. Әйтпесе, Диоген айтпақшы, адамды шаммен іздеп таба алмаспыз. Бірақ, ол үшін қоғамда «психоа­налитик» деген мамандар көп болуы керек. Олар қоғамның не ішіп, не жеп, не оқып, нені көріп, нені тыңдап жүргенін бақыла­п, сараптама жасайды. Жасаған сарапта­маларын түрлі жолдармен халыққа таратып, жұрттың қай бағытта кетіп бара жатқанын аңғартып отырады. Осылайша психоаналитиктер адамды кемелдікке жет­ке­ретін жол тауып, ғылым мен халықтың тығыз байланыста болуына септігін тигізеді. Ал, бізде өкінішке қарай, ғылым бір жақта, халық бір жақта жүр. Ғалымдар ғылымның жоқтығынан надандыққа батқан халықты «тобырлар» деуден жалығар емес, ал халық болса, оқымыстыларды «оқу оқып милары ашып қалған, оқу өтіп кеткен» деген секілді сөздер айтып, мүсіркей қарайды. Яғни, ғылым мен халық арасында байланыс жоқ. Енді, осы жерде екі жақтың басын қосатын тағы бір мамандық шығады. Оларды «медиа­тор» дейді. Яғни, «екі ортадағы тасымалдаушы» деген мағына береді. Біздің елде медиаторлар жоқтың қасы. Бар болса да тек бір тарапты. Яғни, діннің медиаторы «менің айтқаным дұрыс» десе, бизнес, психолог-коуч­тар «менікі дұрыс» деп жүр. Оларды медиа­тор деуге аузың бармайды. Себебі, арнай­ы бас қатырып, оқу оқып, ғылыми оқу орындарынан білім алмаған, өз бетінше оқып алған дилетанттар. Осы дилетанттардың айтып жүргендерін теріске шығарып, дұрыс-бұрысын сауатты талдап бере алатын психоаналитиктер жоқ десек те болады. Осының себебінен қоғамнан ориджинал адамды табу өте қиын және алдау, арбау, ұрлық-зорлық деген қылмыстар бір секунд­қ­а да тоқтамай, қоғамда қылмыскерлер қаптайды.­

Қоғамды  түзететіндер  осы  психоанали­тиктер  мен  медиаторлар.

Енді, біз қандай қоғамбыз?

Ғылымда мынандай екі термин бар. Ассимил­ейшн  және  социализейшн.

Ассимилейшн (assimilation) дегеніміз – қоғамның түрлі себептерге байланысты ыдырап, қоғам болмай, жоқ болып кетуін айтамыз.

Социализейшн (socialization) дегеніміз – адамдардың бір идеяға, құндылықтарға, қоғамдық қағидаларға бірігіп, етене араласуын  айтамыз.

Бізде, қазіргі таңда социализейшнге қарағанда ассимилейшн белең алып келе жатыр. Оған көп себептердің бірі – «нарықтық ориентейшн».  Яғни, қоғамның көз­қара­сы нарықтағы көзқарастай  болып  кеткен.

Енді, әңгіме осы бағытта өрбімек.

Нарықтық ориентейшнды түсіну үшін алдымен нарықтың жүйесін түсініп алсақ оңай болады.

Саудагер нарыққа барарда алдымен оның жағдайын біліп алады. Яғни, әрбір нәрсені сата бермейді. Нарықта қандай заттар­ жақсы өтеді, соны ғана сатады. Сатып­ алушылар да нарықтың ығына жығылып­, жұрт көбіне қандай зат алып жатқан­ына қарайды да ала береді. Яғни, замана­уи тілмен айтқанда тренд, модаға жүгінеді. Ал, бұл тренд, мода дегендерді монопо­листер  басқарып  отырады.

Негізінде нарықтағы жүйе басқаша болуы­ керек еді. Тренд, мода деген ұғым жоқ, нарықты монополист басқармайды. Сатушы тренд, модаға сүйенбей, «негізі, адамға керегі осы» деп адамгершілік принциптерге сүйеніп, тауар сатады.

Адамдардың да қоғамда өзін ұстауы, жүріс-тұрысы, ойы осы нарықтағыдай болы­п кеткен. Олар өзін танумен айналысудың орнына сатумен айналысады. Яғни, бақытқа, жетістікке жету үшін үш түрлі іс-әрекет жасайды.

Бірінші – өзін тауар етіп ұстайды.

Екіншісі – сатушы ретінде.

Үшінші – менеджер ретінде.

Бірінші, өзін тауар етіп көрсеткен адам өтімді болу үшін заманауи талаптарға сай киім үлгісін киеді, талапқа сай адамның қырларын, іс-әрекетін ұстанады. Нарықта ар-ұят, жұмсақ мінез, ілтипат деген адамның киелі қырлары тренд болмаса, онда одан бас тартуға мәжбүр. Ондай кезде адам өз өмірі мен бақыты үшін емес, қаншалықты өтімді бола алатынына басы қатады. Жан дүниесі­не үңіліп, өзіне тән адами қырларын шыңдаудың орнына нарықтағы өтімді қырларды­ игеруге әлек болады. Бұл істің барлығы дерлік  жетістікке  жетудің амалы. Телеарна,­ газет, журналдағы бизнесмендер оңай әрі жылдам жетістікке жету үшін, қандай киім киюін, өзін қалай ұстау керектігін, қас-қабақтарын сенімді етіп көрсетуін үйретеді. Мысалға, жас бойжеткен кинодағы жетіс­тікке жеткен жұлдыздың шаш үлгісіне, киген­ киіміне, қас-қабағы мен бет-әлпеті­нің  бояуына дейін меңгеріп алады және сол жетістікке жеткізеді деп ойлайды. Ал, ол жетістіктің артында қаншалықты бақытты өмір  бар  екені  ойландырмайды. Мұндай кез­де­ адам өзінің қаншалықты бағалы екенін өзгелердің пікірмен өлшеп, соларға тәуелді болады. Егер ол жетістікке жеткен адам болса – бағалы, жетпесе – құнсыз. Сол себепті бұл жолда сәтсіздік құрдымға түскенмен бірдей ауыр тиеді. Мұндай адамдар қоғамда­ көбейген сайын сол қоғамның ойын, деңгейі қандай екенін оңай білуге болады. Бәрі бір-бірінің іштей не ойлап тұрғанын, нені қалап тұрғанын біліп тұрады. Себебі, барлығы  бір  арқанға  жармасып  тұр.

Екіншіден, саудагер ретінде тауарды сатат­ын жер іздеу керек болады. Ол кезде тоздырмаған табалдырық қалмайды. Газет-журналдар, интернет желісі жер-әлемді шарлап  кетеді.

Үшіншіден, менеджерлік қызмет атқа­рады. Сөйлеу  мәнері, дауыс ырғағы, таққан қымбат сағаты, сапалы киім үлгісі, мінген көлігі, осының барлығы адамды өткен ғасырлардағы ориджинал менеджердей етіп көрсетеді. Сатып алушы жұрт та осындай үлгідегі көрініске үйреніп қалады. Енді астыңда көлігің, қымбат сағатың болмаса­, сені адам екен демейді.

Бұл нарықтық ориентейшн қоғамның барлық саласын меңдеп алса бітті дей беріңіз. Салт-дәстүр, дін, кәсіп, музыка, сурет өнері, кино, БАҚ, отбасын құру, тіпті бала тәрбиесі де осы көзқараспен жүріп-тұратын болса, онда бірінші орынға әр адамның бақытты болуы емес, нарықтағы жетістікке жеткен, беделді азаматтардың істеген ісі мен айтқан мәнсіз сөздеріне сай болуы маңызды болады.

Әлбетте, бізде мұндай көзқарасқа берілмейтін азаматтар да бар, дегенмен саусақпен санарлық. Олар көшкен сеңмен ілесіп көшпейді. Нарықтың талаптары оларға заң емес. Өздерінің ішіне үңіліп, адамгершілік принципті негізге алып жүріп-тұрады. Мысал­ға, көп журналистердің арасында рейтингті көтеріп, жетістікке жетудің жолы біреудің ажырасқаны я болмаса ашынасымен ұсталып қалғаны секілді пайдасы жоқ «ақиқатты» жариялау болса, ал бұлардың ойы жеңіл жетістікке жетуде емес, қоғамда­ғы тасада болып жатқан негізгі әрі маңызды­ жайттарды жариялап, жұрттың көзін ашу.

Ағартушылық саласында да дәл осы секілді. Кейбір азаматтардың мақсаты үкіметтік стипендия, тендер, атақ-даңқ болат­ын болса, ал нарықтың талабына беріл­меге­н азаматтарды мадақ, медаль, стипенд­ия қызықтырмайды. Олардың мақса­ты қоғамға ең маңызды, негізгі құн­дылық­тарды насихаттап, елдің  сауатын  ашу, экзистенциялық  проблемаларын  шешу.

Бұл жерде айтқымыз келгені, елді бөлу емес, керісінше, пайдалы іспен айналысып жүрген азаматтардың әрекетіне көз жеткізіп қою ғана. Жастар соларға еліктеп жолын қуса, онда Диоген іздеген адамды өз арамыздан тәрбиелеп шығаруымыз ғажап емес.

Әлбетте, нарықтық ориентейшнмен де өмір сүре берсе болады. Ол әркімнің өз еркі. Бірақ, оның ақыры төмендегідей болуы әбден  мүмкін:

Логотерапевт В.Франклға күйзелісте жүрген бір бойжеткен келіп, мұңын шағыпты. Ол нарықтық көзқарасқа ұрынғаны сонша,­ тіпті, ақыр-аяғында «мен өмір сүріп жатырмын  ба, әлде  өмір  мені  сүріп  жатыр  ма?»  деген  екен.

Құрметті әлеумет! Біздің қоғам болмай ыдырап бара жатқанымызға бірден-бір себеп­ – осы «нарықтық ориентейшн». Осыны­ біліп, одан аулақ жүретін болсақ, болаша­қ жарқын болатынына сенім мол!

Амангелді   МЕЙРАМБЕКҰЛЫ,

психолог

Пікірлер:

Гайз үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: