Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біз бесіктен неге жерідік?

06.05.2020, 16:11 583

HALYQLINE.KZ –| Шыққыр көз не көрмеді? Қарияның сақалына жармасқан жастарды да көрдік. Бесіктен белі шықпай жатып жұлқынады бүгінгілер. Бесік демекші, талай тау тұлғаны тербеткен тал бесіктің қоқысқа тасталғанын көретін кезге де жетіппіз. Қай қала дейсіз бе? Жайшылықта «қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылордада» деп ат қойып, айдар таққан өңірде. (!) Құндылық дегеніңіз құлдырап бара жатқан уақытта бұған таңғалуға болмас сірә?!

Қазақ үшін төрде тұруға тиісті екі нәрсе болса, соның бірі – бесік. «Төрде бесік тұрса, төре де басын иеді». Текті қазақ текке сөз айтпайтыны анық. Әрі-беріден соң бұл бесік бар қазақтың алғашқы алтын ұясы емес пе? Ал сол ұясын адам түгіл торғай да қорғамай ма? «Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді». Бұл – ертеден келе жатқан есті сөздің бірі. Әлгіндегідей жайт қайталана берсе, елде ессіздер қаптамай ма? Жә, мұның барлығын «ырым-тыйым» деп сенбеуіңіз де мүмкін. Бірақ бесіктің қасиетті екенін ғылым да мойындап отыр.

Ілгеріде психоневрология институтының негізін қалаған академик Владимир Бехтерев «балалардағы невроз ауруының алдын алу үшін, бесік жырын тыңдату керек» деген тұжырым жасаған екен. Ал психолог Виталий Леутин «бесік жырын тыңдау сәбидің ми қыртыстарындағы нейрондардың дұрыс дамуына түрткі болады» дейді. Мұхиттың арғы жағындағы америкалық психолог, медицина ғылымдарының докторы, трансперсоналды психология ғылымының негізін салушы Станислав Гроф «Beyond the brain» атты кітабында бесік жырының баланың психотерапевтік аурудан жазылуына бірден бір себеп бола алатынын ескертіпті.

Осындай қадір-қасиетке ие бесіктен біз неге жерідік?

(Сурет «Критика Кызылорда» инстаграм парақшасынан алынды.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: