Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл Сыр елінде 800-ден аса ауқымды шара ұйымдастырылады

10.02.2020, 14:33 517

2020 жылғы тарихи оқиғаларға байланысты Алтын Орданың 750 жылдығына, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай облыстық мәдениет ұйымдарында түрлі деңгейде (халықаралық, республикалық, облыстық) барлығы 816 ауқымды мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова айтты.

– Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған шаралар Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Абай» спектаклімен басталды. Бұл спектакль биыл ай сайын өткізіледі, – деді ол.

Жалпы, облыс бойынша 171 мәдениет үйі мен клубтары, 209 кітапхана, 14 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 1 қалалық демалыс паркі, барлығы 410 мәдениет және өнер мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: