Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БІР ЖЫНЫСТЫ НЕКЕДЕН ҰРПАҚ ТАРАМАЙДЫ немесе «қыз мінезділер» қайдан шықты?

23.09.2021, 11:30 950

Бұл тақырып аясында сөз қозғауды пропоганда деп санаймыз. Көп айтылған сайын шектен тыс жарнамалау болып есептеледі. Алайда, бұл – қазіргі қоғамдағы өте өзекті мәселе. Оның зардабын да тартатыны­мыз  анық.

Ғылыми ақпараттарға сүйенсек, бұл мәселе шумер дәуірінде пайда болған деседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурулардың халықаралық жіктемесінің 9-шы басылымына дейін гомосексуализм психосексуалдық бұзылулар тобына жататын ауру ретінде тіркелді. Жасалған түрлі манипуляция­ның күшеюімен бұл шешім өзгертілді. 1990 жылы 17 мамырда ДДСҰ оны Халықаралық аурулар жіктемесінің 10-шы басылымында қайта қарап, ауру қатарынан алып тастады. Қазіргі таңда заманауи медициналық тұрғыда ауру емес. Дәл осы шешім кімдер үшін тиімді? Бұның артында қандай саясат бар?

1993 жылы американдық генетик Дин Хамер гомосексу­алистер дүниеге  келген отбасыларды зерттеп,  Х-хромосомадағы ДНҚ маркерлері мен ерлер­дің жыныстық бағдары арасындағы байла­нысты анықтады. Кейінірек кейбір ғалымдар оның тұжырымдарын растап, бұл жыныстық бағдардың генетикалық тамыры теориясына негіз  болды. Алайда, осы уақытқа дейін нақты «гей-генді» табу мүмкін болмады, әртүрлі зерттеушілер гомосек­суализмді әртүрлі гендермен байланыстырады. Мыса­лы, 2017 жылы ғалымдар гомосексуалистер мен гетеросексуалистердің геномдарын салыс­тырып, мидың дамуымен байланысты бірнеше гендерде, атап айтқанда, гипоталамус пен қалқанша безінде айырмашылықтар тапты. Бірақ генетик Бенджамин Нил: «Адамның жыныстық бейімділігін геном анықтай алмайды» деген пікірде. «Дегенмен, генетика жыныстық мінез-құлықтың маңызды  факторы  болып  қала  береді».

Джозеф Овертон 1990 жылы қоғамның бір кездері мүлде ты­йым салынған мәселелерге деген көзқарасын өзгерту технологиясын әзірледі және сипаттады. Ол «Окно Овертона» деп аталып, белгілі бір уақыт аралығында бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен қоғамдық пікірді басқарудың белгілі бір технологиялар болатынын дәлелдеді. Кез келген қоғам үшін мүлде қабыл­данбайтын құбылысты жалпы қабылданған нормаға дейін, тіпті заңдық тұрғыдан бекітуге дейін жеткізуге болатынын айқындады. Мысалы, гомосексуализм бұрынғы ғасырларда да болды, бірақ бұл «ақылға қонымсыз» деп есептелді. Уақыт өте келе көптеген ашық жаңалықтардан кейін «гомосексуализм – қалыпты дүние» деп саналды. Масс-медиада біршама саясаткер, әнші, актерлер каминг-аут жасап, халыққа өздерінің бетпердесін аша бастады. Дамыған мемлекеттерде гомосексуал болу тек қана «қалыпты жағдай» емес, тіпті ұтымды бола бастады. Әлемге танымал беделді байқаулардан жеңімпаз  атану  да, дарын  мен  ерекше бейнесі  де  ықпал еткені анық. Биылғы Токио  Олимпиадасы  ойындарында 146 ЛГБТ өкілі бақ сынаса, 2012 жылғы Лондон Олимпиад­асында 23 ашық ЛГБТ спортшы қатысқан. Рио-2016-да – 56 спортшы. Жеңімпаз атанған спортшылардан гөрі халықтың көз жанарын жаулап, осы жандар желі  талқылауында  болды.

Ұзақ уақыт бойы ғылыми орта­да гомосексуализмді норманың нұс­қасы ретінде қарау керек пе, әлде оны патоло­гия ретінде оқшаулау керек пе деген пікірталастар болды. Бұл дүниенің не себептен пайда болғанына анализ жасап көрелік. Біріншіден, ананың құрсағында жатқан сәбидің жынысын анық­тамас бұрын ананың кімді қалауын­да болып тұрғаны да бірден-бір себеп­тердің бірі болуы мүмкін. Яғни ана қыз бала болғанын қалап, бірақ ұл бала дүние келсе, психология­лық тұрғыда құрсақтағы баланың психологиясына әсер етуі мүмкін. Екінші себеп­тердің бірі балалық шағында қуыршақтар мен қыз балаға арналған заттарды пайдалану да осы ауытқуға алып келеді деген болжам бар. Зерттеушілердің тағы бір пікірі ата-ана тарапынан қатты қысым көргеннен осы адасу жолына кетіп қалған жайттар болады. Бірақ ең көп осындай жандардың айтуынша зорлық-зомбылықтың әсерінен дейді. Ал енді бірі «Мен осылай жаратылдым, еркекке деген махаббатым шексіз» деп жаңа бір жаратылысты шығаруда. «Қыз мінез­ділердің» көпшілігінің айтатыны – бір тағдыр, бір әңгіме, бір махаббат. Жазулы тұрған заттай ғып, мүдірмей жып-жылмағай айтып жатқан пенделердің сөзіне қарасақ, «аждаһадай әйелім болғанша, батыр қорғаушым болғаны жақсы» дегенге саяды. Жоғарыда айтылған ақпарлар нақты емес, тек қана болжамдар. Мысалы, бір дерт пайда болса, соның емін таппас бұрын неден пайда болғанын білуіміз керек. Бұл  да  дәл  солай…

Біз тәуелсіз зайырлы мемлекет болғаннан кейін әрбір қазақстандықтың құқығын қорғауға міндет­тіміз. Сол себеп­ті  де көптеген халықты дүрліктіретіндей ақпараттар шығып жатқаны рас. Алайда, ұлттық менталитетті ескере отырып, бұл дүниелерді қорғау қаншалықты дұрыс? Қазақстан халқының көпшілігі ислам дінін ұстанады. Басқа да ислам мемлекеттері секілді біз де ұл­тымыздың көкірегінде мүлгіп жатқан ойды тыңдауымыз  қажет. «Қазақ халқы – көнбіс халық» деп сәбилерге ермек болатын ертегі қазір кімге керек? Егер де бұл мәселені қолға алмасақ, демографиялық тұрғыда зардабын тигізетіні анық.  Қазақстан Республикасының халқының саны 1991 жылы 16,45 млн болды. 2021 жылы 3 тамыз  күні араға 30 жыл салып, 19 миллионға жеттік. Көрші бауыр мемлекеттеріміздің бірі Өзбекстан  Республикасы 1991 жылы  20,95 млн болса, ал 2021 жылы 35 миллионға жетті. Екі ай ішінде Өзбекстан  тұрғындарының саны 140 мың адамға  көбейді. Міне, 30 жылда  қазақ  халқы шама­мен 3  млн-ға  көбейсе, өзбек  халқы 15 млн-ға  артты. Бұл – 5 есе артық көрсеткіш. Осы статистикаға қарап, «елімізде көгілдірлердің саны қанша?» деген сауал туады. Бір жыныстылар отбасын құрса, бала туу саны күрт төмендейді. Себебі бір жынысты некеден ұрпақ тарамайды. Бұл да бір індет іспеттес сұмдық. Қазақ халқының саны азайған сайын, жоқ болып кету қауіпі жоғарылайтыны  даусыз.

Осы орайда айта кететін мәселе 8 наурыз күні феминис­тердің митингісінде ЛГБТ өкілдерін де қолдау мәселесі көтерілді. Тек қана феминистерге рұқсат берілген митингте көгілдірлер жемтікке үймелеген құз­ғын құсап неғып жүр? Әлде феминизм  де ЛГБТ тобының бір мүшесі ме? Бұл әрекетке рұқсатты кімнен алды? Жауап­тылар  жазаланды ма? Елдің болашағына жасалып жатқан  шабуылды  тоқтатуға  әрекеттер  жасала  ма?

«Жұрттың» аузын бағып, жел­буаз сөздер мен құрғақ уәделерді ұзақ күттірмей, іс жүзінде халық үшін шешімдер шығарылса екен дейміз. Ол қанша күн, қанша апта, қанша  жыл  уақытты  алар  екен…

Азамат  АБИМОЛДА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: