Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Берік отбасы – есірткіден алыс

20.02.2022, 17:45 306

Қызылорда  ОПД ЕҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауына

 Тартылған Арал теңізі, есірткіден есі кеткен қыз жанына араша тұруға ұмтылған жігіт, өмір мен өлім арасындағы арпалыс… Бұл – көпшілік көңілінен шыққан қазақстандық рок музыкант Виктор Цой түскен «Ине» киносындағы көрініс.  Туынды соңында басты рөлдегі кейіпкерлер «өлім таратушылар» қолынан жарақат алып, түпсіз тұңғиыққа, қара түнекке кете барады.  Міне, кино – өмір, нағыз өмірде болып жатқан шындық бұл. Кейбір жастар азғантай ләззат үшін тозаққа түсіп жатқанын сезбей қалады. Ал олардың жан  рахаты үшін  көзсіздігін қаныпезерлер ақшаға айналдырып отыр. Оларға алданғандар «бір рет көрейін», «дәмі татып көремін де қояйын», «өзіме ие бола аламын», деген сөздер тек алдамшы екенін білмей, сұм ажалдың тырнағына ілініп, ата-ана мен бауырдың жанын  қинаудың тура жолын адаспай тапқанын білмей қалады.

 БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 наурыз –  Есірткімен күрес күні деп жариялаған. 1987 жылдан бастап атаулы күнді есірткімен және есірткі таратушылармен күрес күні  деп  атап өтіп келеміз. Осы күні дүниежүзі бойынша есірткіні қолдануға қарсы профилактикалық іс-шаралар өтеді. Осындай жұмыстар барысында бір  тағдырды иесінің тажалдан құтқарылуы – нағыз жеңіс. Ендеше, жастар, болашағымызды жарқын ету өз қолымызда!

                                                          #есірткігеқарсы   #противнаркотиков

Жұмағалиевтар әулиеті,

Бағжан ЖҰМАҒАЛИ,

Әли Мүсілімұлы атындағы №101

мектеп-лицейінің оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: