Құлақ салып, тыңда, досым сөзімді,
Жамандықпен шел баспасын көзіңді.
Болашағым жарқын болсын десең,
Саған айтарым,
Есірткіден аулақ ұста өзіңді!
Достар, Арал қаласы №260 орта мектебінен Серіковтер отбасы сіздерге «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен өз үндеуін жолдайды. Бұл үндеу еліміздің болашағына, сіздердің болашақтарыңыздың жарқын боларына себепкер болуы әбден мүмкін. Себебі біз, бұл үндеуде адам денсаулығына, өміріне өте қауіпті есірткі ұғымымен күресуге шақырамыз!
Есірткі, бұл – адамзат баласын?
– қауіпке әкелетін;
– қасіретке апаратын;
– денсаулықты құрдымға кетіретін;
– ессіздікпен есінен тандыратын;
– отбасыны ойрандайтын;
– қараңғылықтың тұңғиына тартатын;
– болашақты бұлыңғыр ететін қауіпті дерт!
Нашақорлық – бұл әлеуметтік зұлымдық, жеке бастың жеңілісі, үнемі есірткі қабылдайтын адам өзінің ең жақсы моральдық қасиеттерін біртіндеп жояды. Достарынан, содан кейін отбасынан айырылады, өзіне және басқаларға бақытсыздық тұңғиығын әкеледі, ақырында өзін сөзсіз жоғалтады. Қоғамымызда есірткіге, нашақорлыққа қарсы көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қоғам жанашырлары мен іскер адамдар және полиция қызметкерлері бұл ұғымды барынша жоюға жұмыс істеуде!
Достар, жалынды жастар, салауатты өмір сүру біз үшін маңызды. Сіздердің осы үндеуімізге құлақ салып, бой түзегендеріңізді қалаймыз. Жастарымыздың есірткіге жоламауы – өз болашақтары үшін маңызды. Біз өз отбасымызбен есірткіге қарсы, бақытты отбасымыз! Сіздерге де берер кеңесіміз – нашақорлықтан аулақ болыңыздар! Есірткімен дос болып, өз болашағыңыздың жанып тұрған шырағың өз қолыңызбен өшірмеңіз! Өмірім, болашағым зор болсын десеңіз, еліміздің жұлдызы болам десеңіз, денсаулығыңызды сақтаңыз! Ғасыр дертімен бірге күресейік! Сіздің жарқын болашағыңыз – еліміздің болашағы! Елімізбен бірге өркендейік! Әр адам, әрбір отбасы – дені сау, бақытты болуға лайықты!
#есірткігеқарсы, #противнаркотиков
Серіковтер отбасы,
№260 орта мектебі,
Арал қаласы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!