Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Батырың үйінде жатыр, жатырын міндетсінгені мінбеде тұр

12.03.2021, 10:30 374

HALYQLINE.KZ

Қыздар көшеге шықты деп, «қызыл аймаққа» кіріп кеткен Алматыны аяп отырмын. Азғындарға ашық, адамдарға жабық ерекше карантинді де көз көрді. Әлемнің әдісін әкім де әдемі қолданыпты. Мейлі. Тек, Ләззат, Сабиралар тәуелсіздік талап етіп шыққан көшеден ермен теңдік, гейге кеңдік сұрап шыққан, жынысы бір жындыларды көргенде күйіп-жанасың, жанып-өртенесің.

Қоғам кері кетті, батыс бері келді. Айнаға қарасаң – қазақсың, терезеге қарасаң – мүлде басқа көрініс. Түсің – түркінің ұрпағы, ісің – түлкінің тірлігі. Батырың үйінде жатыр, жатырын міндетсінгені мінбеде тұр. Әкеңе «әй» дей аласың, гейге әлің келмейді, Анаңа айқайлай аласың, лесбиге ләм дей алмайсың.

Қазақсың! Бірақ, адал қойыңа қора жоқ, харам шошқаға субсидияны түгел бересің. Жер – өзіңде, заң – өзгеде. Байлық – сенде, бұйрық – бөтенде. Оранған қызды қорлайсың, шешінген қызды қорғайсың. Балаларды үйде өртейсің, байларға пантеон саласың. Сенейін десең сенаттан салттың, парламенттен патриоттықтың иісі шықпайды. Бірақ, қазақсың, қазақ жерінде тұрасың.

Шүкірі, биыл қазақ көбейді, әттең-айы, қазақтық кеміді. Жұма түні жұртыма сана, ұлтыма сапа сұраймын. Азғындарға жаза бер, аз қазаққа пана бол Алла! Әмин!

Қажымұхан АБЗАЛОВтың парақшасынан алынды.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: