Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Батыр есімі ұлықталды

06.11.2020, 13:40 459

HALYQLINE.KZ

Бүгін Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовтың тұрған үйіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов Ленин, Еңбек Қызыл Ту орденімен, 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған халқының батыр ұлы Нағи Ілиясовты еске алып, арда азаматтыңелі үшін жасаған еңбегі мен соғыс жылдарындағы ерлік істеріне тоқталды. Сонымен бірге батырды ұлықтау 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралар аясымен шектелмейтінін, Отан үшін жасалған ерлік, батырлық ісі мәңгілікке халық жадынан өшпейтінін айтты.

Ал шара аясында батыр туралы естеліктерімен бөліскен Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс Қазақ хандығы тұсында білек күшімен ел қорғаған Баймұрат батырдың алтыншы ұрпағы Нағи Ілиясовқа «батырлық қанмен берілген» дейді.

Шара соңында батырдың өмір жолынан Нағи Ілиясовтың баласы Ринат Ілиясов естеліктер айтып, мемориалдық тақтаның ресми ашылды.

Айта кетейік, мемориалдық тақта Нағи Ілиясовтың 1969 жылдан бастап өмірінің соңғы сәтіне дейін тұрған қаладағы Қазантаев көшесіндегі №45 үйдің қабырғасына орнатылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: