Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бақытты балалар – бақытты ел» атты мерекелік концерт өтті

02.06.2021, 10:10 953

HALYQLINE.KZ 2021 жылдың 1 маусымы күні сағат 20:00-де Орталық алаңда орналасқан «Өнер» арбатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жас өнерпаздарының 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалар – бақытты ел» атты мерекелік концерті өтті.

Мерекелік кеште мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары», «Ақмарал» би студиясы, «Орда» спорттық би, «Ордадрайв» заманауи би үйірмелері өз өнерлерін паш етті.

Кеш барысында «Қазгермұнай»БК ЖШС және «Али сауда» ЖШС демеушілік жасап, жас өнерпаздар мен балаларға түрлі тәттілер мен ойыншықтар сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: