Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚЫТ ШАРЫ

07.05.2021, 12:00 1398

HALYQLINE.KZ

 

Мұғалім мектептегі әр оқушыға бір-бір үрлемелі шар үлестіріп беріп: «Шарды үрлеп, өз есімдеріңді жазып, дәлізге шығарыңдар», – депті. Оқушылар ұстаздың айтқанындай істепті.

Дәліздегі барлық шарлар араластырылғаннан кейін мұғалім оқушыларға: «Бес минуттың ішінде әркім өзінің аты жазылған шарды табыңдар», – депті. Оқушылар әуреге түсіп іздегенімен ешкім өз аты бар шарды 5 минут ішінде таба алмады.

Содан кейін мұғалім енді әркім өзінің алғаш қолына алған шарын аты жазылған иесіне тез арада апарып беруді тапсырғанда бес минуттан кейін әркім өз шарларын тапқан екен.

Мұғалім оқушыларға: «Әуе шарын БАҚЫТ деп ойлаңдар. Егер әр адам тек өзінің бақытын ғана іздесе, оны табу қиын екен. Ал біз өзгенің бақытына көмектесе бастағанда, біздің де өз бақытымыз табыла кетті. Біз шарларды иелеріне тауып бергеніміздей бір-біріміздің жолымызды жарық етіп көмектесу арқылы, өз жолымызды да жарық болдыратын үлкен күшке ие болады екенбіз», – депті.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,

Mazhab.kz діни-танымдық порталының Бас редакторы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: