Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байқоңырдағы жоғалған бір баланы әлі іздеп жатыр

22.02.2021, 11:40 478

HALYQLINE.KZ

Байқоңыр қаласында сенбі күні жоғалған екі балаға қатысты іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген болатын. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бір баланың денесі табылды. Өкінішке қарай, екінші жоғалған бала әлі табылған жоқ. Десек те іздестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

 – Сырдария өзенін РФ ІІМ тиесілі тікұшақпен әуеден қарау нәтижесінде оқиға орнынан 2 шақырым төмен қарай су бетінен адам денесін байқап, 2 құтқарушы күшімен денесі жағаға шығарылып, РФ полициясына тапсырылды. Құтқарушылармен оқиға орнынан төмен қарай 700 метр жерге, 7 рет су астына түсу жүргізілді. Кинологиялық есеппен 5 шақырым жерді Сырдария өзенінің жағалауымен жаяу іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бірақ нәтиже берген жоқ, – деп облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

Іздестіру құтқару жұмыстарына барлығы 267 адам, 29 бірлік автокөлік, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Оның ішінде Қызылорда облысы ТЖД 10 қызметкер, 1 автокөлік, Байқоңыр кешеніндегі ҚР ІІМ өкілдігінен 35 қызметкер, 7 автокөлік, Байқоңыр кешеніндегі РФ ІІМ-нен 150 қызметкер, 15 автокөлік, 1 тікұшақ, Байқоңыр кешеніндегі РФ ТЖМ 32 қызметкер, 1 автокөлік, туысқандарынан 40 адам, 5 бірлік автокөлік бар.

Айта кетейік, кеше іздестіру жұмыстары уақытша тоқтатылып, бүгін таңертең қайтадан іздеу жұмысы басталды. Сондай-ақ, төтеншелік маман облыс тұрғындары мен қонақтарына күн райының құбылмалылығына байланысты мұз бетімен жүрмеуді, су айдындарында сақ болуды ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: